Департамент Ұлттық жобаның негізгі идеяларын іске асыру бойынша жоба әзірледі

Департамент Ұлттық жобаның негізгі идеяларын іске асыру бойынша жоба әзірледі

"Барлығына қолжетімді сапалы білім беру" ұлттық жобасы аясында облыс мектептерінің білім алушыларын сапалы білім берумен қамтамасыз ету міндетін шешу үшін Департамент Ұлттық жобаның негізгі идеяларын іске асыру бойынша жоба әзірледі. Жобаға сәйкес әрбір қызметкер жұмыс бағыттарын анықтады – білім беру сапасының мәдениетін арттыру, до-ның хабарламалық тәртібін жүзеге асыруды бақылау, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыруды талдау, педагогтердің сапалық құрамын талдау, біліктілік талаптарының сақталуын талдау және басқалар. Осы мәселелерді зерделеу үшін құралдар, іске асыру мерзімдері, күтілетін нәтижелер айқындалды. Департамент жобаның бірінші кезеңін – мемлекеттік бақылау шаралары арқылы деректерді жинауды іске асыруды бастады.