2024 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

2024 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі әдептілік нормаларды ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға, мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Кеңестер мен жеке қабылдаулар сізді қызықтыратын мәселелерді, зерттеуге және оларды тез шешуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі өз өкілеттілігі аясында мемлекеттік қызметкерлерге, азаматтарға жеке кеңес беру арқылы көмек көрсетті: 21 жеке кеңестер өткізілді, оның ішінде 12 - мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша, бейінді мәселелер бойынша жеке кеңес беру арқылы көмек, 9 - азаматтарға бейінді мәселелер бойынша жеке кеңес беру арқылы көмек көрсетілді. Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтардың 5 өтінішін қарастырыды - Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері, педагогтар, білім алушылардың ата-аналары. Әдеп жөніндегі уәкілге жеке қабылдауға жүгінген азаматтарға өтініштерде көрсетілген  мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Сұрақтар педагогтарды мемлекеттік бақылау, аттестаттау, мектепке қабылдау шараларына, педагогтің кәсіби қызметімен айналысу үшін диплом бойынша білімінің сәйкестігіне қатысты болды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының алаңдары, әлеуметтік желілердің ресми парақтары пайдаланылады. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде интернет-ресурстарда барлығы 13 жариялым, оның ішінде: 6 жариялым - мемлекеттік органның ресми сайтында, 7 жариялым - әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда орналастырылды. Департаменттің мемлекеттік қызметкерлерінің оң жұмыс тәжірибесі туралы Әдеп жөніндегі уәкілдің «Учительская плюс» облыстық газетінде «Білім сапасына назар аудару» жариялымдары орналастырылып отырылады.

Мемлекеттік қызметкерлер өздерінің кәсіби деңгейін әрдайым арттырады, біліктілігін арттыру курстарына қатысады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін практикалық қолдану мәселелері бойынша онлайн-оқытудан өтті.

Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметінің мәселелері бойынша жеке кеңес беру арқылы көмек және әдістемелік көмек көрсетеді.