
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы А.Игисинова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Майкөтов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы қорытындысымен таныстыру, анықталған проблемалық сұрақтардың шешу жолдарын қарастыру мақсатында, аталған мектептің педагогикалық ұжымымен онлайн – форматта педагогикалық кеңес өткізді. Педагогикалық кеңеске Арқалық қаласы білім бөлімінің басшысы Е.Ж.Мәметеков қатысты. Педагогикалық кеңес А.Майкөтов атындағы негізгі орта мектеп директоры Танбулан Дуйсенбекович Серикбаевтің төрағалығымен өтті.
Педагогикалық кеңесте департамент тарапынан мектеп қызметіндегі оңды нәтижелер аталды: мектеп кадрлық құраммен жасақталған, кадрлық құрамның сапасы біліктілік талаптарға сәйкес келеді, мектеп санитариялық-эпидемиологиялық, өртке қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, білім алушылардың тамақтануы талаптарға сәйкес ұйымдастырылған.
Мектеп қызметіндегі проблемалық сұрақтар аталды, олар жұмыс оқу жоспарлары, білім алушылардың білімдерін бағалау, тәрбиеленушілердің даму жетістіктерін бақылаумен байланысты.
Педагогикалық кеңес барысында педагогтер тыңдалды, мектептің бұзушылықтарды жою жоспары талқыланды.
Арқалық қаласы білім бөлімінің басшысы Е.Мәметеков көркем еңбек пәнің оқытуды талап етілетін құралдармен қамту, медициналық қызметті ұйымдастыру туралы сұрақтардың шешімін ұсынды.
Педагогикалық ұжым мектеп қызметін Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестендіру бойынша бақылауға алатын сұрақтарды белгіледі. Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша хаттама толтырылды.