
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы А.Игисинова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы қорытындысымен таныстыру, анықталған проблемалық сұрақтардың шешу жолдарын қарастыру мақсатында, аталған мектептің педагогикалық ұжымымен онлайн – форматта педагогикалық кеңес өткізді. Педагогикалық кеңеске Алтынсарин ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.С.Дильдебаев қатысты. Педагогикалық кеңеске мектеп директоры Кішібай Сағира Қабажайқызы төрағалық етті.
Мектеп қызметіндегі проблемалық сұрақтар аталды, олар жұмыс оқу жоспарлары, білім алушылардың білімдерін бағалау, тәрбиеленушілердің даму жетістіктерін бақылаумен, мектептиің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне байланысты.
Педагогикалық кеңес барысында педагогтер тыңдалды, мектептің бұзушылықтарды жою жоспары талқыланды.