Департамент қызметкерлері Қостанай облысы педагогтерінің тамыз кеңесі аясындағы секция жұмыстарына қатысты

Департамент қызметкерлері Қостанай облысы педагогтерінің тамыз кеңесі аясындағы секция жұмыстарына қатысты

Білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында 15 тамызда орта білім беру ұйымдарының басшылары үшін «Білім беру ұйымдарындағы менеджментті дамытудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбы бойынша секция жұмысы өтті. Білім беру ұйымдарында менеджментті дамытудағы өзекті бағыттарды түсіну және талқылау - мектеп директорлары кездесуінің басты мақсаты болды. Секция жұмысына департаменттің бас маманы А.Игисинова облыстың орта білім беру ұйымдарындағы бақылау іс-шараларының қорытындыларымен қатысты. Ол 2022 жылдан бастап бақылау шараларының қорытындыларына талдау жасады, мемлекеттік аттестаттау, бару арқылы өтетін профилактикалық бақылау, біліктілік талаптарға сәйкестікті тексеру нәтижелерін айтты, оң шешімдердің мысалдарын келтірді. Білім беру іс-әрекетінің өзін-өзі бағалау сапасына ерекше назар аударылды. Мектеп басшыларына қызметті белгіленген талаптарға сәйкес келтіру бойынша ұсынымдар берілді.