
Ағымдағы жылдың 31 мамырында департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен өткізген "Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік заңнаманы сақтауы туралы" тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты Департаментте мемлекеттік қызметшілермен дөңгелек үстел мәселелері бойынша кеңес өткізілді, Әдеп жөніндегі уәкілге профилактикалық жұмысты күшейту, жүктелген функциялар шеңберінде қызметті жетілдіру жұмысын жалғастыру бойынша ұсыныстар берілді
Мемлекеттік
қызметшілер қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының әдеп стандарттарын ілгерілету жөніндегі жұмысты жалғастырсын, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін, мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеуін қамтамасыз етсін