«Халық заңгері» дәстүрлі науқаны шеңберінде азаматтарды қабылдау өтті

«Халық заңгері» дәстүрлі науқаны шеңберінде азаматтарды қабылдау өтті

Ағымдағы жылдың 22-мамырында Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  «Халық заңгері» дәстүрлі науқаны шеңберінде азаматтарды қабылдау өткізді.

         Департамент мамандары 3 педагогті қабылдады, педагогтер тарапынан білім саласындағы түрлі сұрақтар қойылды. Амангелді ауданының Б.Қолдасбаев атындағы жалпы мектеп директорының орынбасары Г.Умбетова, Б.Майлин ауданы білім бөлімінің С.Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру, педагог кадрлардың біліктілігін көтеру, білім алушыларды бағалау, үлгілік оқу жоспарларына қатысты сұрақтарға жауап алса, Науырзым аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А. Хамзина Білім беру қызметіне қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер туралы түсініктеме алды. Департамент мамандары азаматтарды қабылдауға келгендерге педагогтік ұжымдарда аталған сұрақтар бойынша түсіндіру өткізу ұсынылды.