ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ!

ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ!

"AMANAT" партиясының Қостанай облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі Қанат Әлімбаев жергілікті атқарушы органдар педагогтерді газет-журналдарға жазылуға, қайырымдылық қорға қаражат жіберуге мәжбүрлеу кездесетінін атап өтті. Бірақ нақты фактілер айтылмады.

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! Сіздердің құқықтарыңыз Заңмен қорғалады. Егер осындай фактілер орын алған жағдайда Қостанай облысы сапаны қамтамасыз ету департаментіне  8 (714)2 535266,549482, 87057012374 телефондары арқылы байланысуға болады.

Естереңізге сала кетейін! Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.

409-бап. ҚазақстанРеспубликасыныңбілім беру, денешынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу:

7-3. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту;

      2) педагогтен ҚазақстанРеспубликасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексеру жүргізу;

      4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатыпалу бойынша міндетті жүктеу;

      5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық –

      Ескерту жасауға алып келеді.

      7-4. Осы баптың 7-3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      Лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.