
Департаменттің құзыреттерінің бірі- білім беру ұйымдарына білім беру қызметі мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі, сонымен қатар биылғы біліктілік талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін білім мекемелеріне бару арқылы тексерудің мақсаты, талаптары туралы айтылды.
Облыстық білім басқармасына Департаменттің арнайы кестесі жіберіліп, 1-наурыздан бастап білім мекемелерінің директорлары және олардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен Қостанай қаласында семинарлар ұйымдастырылды.
Семинарда Департамент қызметкерлері практикалық тұрғыда білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізу тәртібін, оны жүзеге асыру кезінде білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін пайдалануды түсіндіріліп, ұсыныстар айтылды.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, нәтижелі білім беру үдерісіне жағдай жасау бойынша түсініктемелер берілді.