2023 ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ

2023 ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ

Аумақтық департаменттер сыртқы бақылау рәсімдерінің қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарының жұмысын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз етеді.

Жалпы 2023 жылы жүргізілген мемлекеттік бақылау шаралары білім беру мекемелерінің 87%  білім саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге ықпал етті.

2023 жылы 136 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, оның   ішінде 31 колледжде, 53 мектепте, 52 мектепке дейінгі ұйымдарда.

Өткен жылмен салыстырғанда аттестатталған білім беру ұйымдарының үлесі артты: ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 42,7% - ға жетті, өткен жылы білім беру ұйымдарының тек 24,8% - ы аттестатталды.

Ағымдағы жылдан бастап білім беру жүйесінде білім беру ұйымдарына бару арқылы біліктілік талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылау жүргізілетін болады.

Биыл 68 мектепте, оның ішінде 4 жекеменшік, екі мемлекеттік колледжде сәйкестікті тексеру жоспарланған. Тексеру барысында кадрлармен қамтамасыз ету, оқу жұмыс жоспарлары, оқу кабинеттерімен және жабдықтармен жарақтандыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, колледж түлектерін қабылдау және жұмысқа орналастыру, оқу қорымен жарақтандыру және 473 бұйрыққа сәйкес қызметтің басқа да бағыттары зерделенетін болады.

Тексерулердің барлық түрлерінің тізімдері Департаменттің сайтында орналастырылған, әрбір пайдаланушыға қолжетімді, департамент осы тексерулердің тәртібін түсіндіру бойынша жұмысты бастады.

Жалпы, білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау білім беру саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған және оқу орындарының қызметін талапқа сай келтіруге ықпал етеді.