
"AMANAT" партиясының Қостанай облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында өңірлік білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі талқыланды
Департамент осы бағытта жоспарлы жұмыс жүргізуде. Жұмыс жоспары келесі бағыттарды қамтиды:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлауды жетілдіру;
–сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жыл сайынғы ішкі талдау-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;
- білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері мен ұсынымдарды ашық қабылдауы және т.б.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу рәсімі білім беру объектілеріне бармай-ақ профилактикалық бақылау нысанында жүргізіледі, бұл тікелей байланыс тәуекелін болдырмайды. Анонимділік рәсімі сақталады, тартылған сарапшылар қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелерге қол қояды. Балалардың білім сапасының академиялық адалдығы мен объективтілігін сақтау мақсатында Департамент мамандары оқушыларды кешенді тестілеу кезінде бақылаушы ретінде қатысады.
Бақылау шараларын қорытындылай келе, білім беру ұйымдарының қызметінде анықталған бұзушылықтар мен оларды жою осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және азайтуға ықпал ететініне назар аударылды. Департамент жыл сайын бақылау іс-шараларымен Облыстың білім беру ұйымдарының төрттен бірін қамтиды, басшылар мен педагогтерге бұзушылықтарды жою тәртібі мен жолдары түсіндіріледі, бақылау арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылады және оқу орындары қызметінің заңнама нормаларына сәйкестігі қамтамасыз етілеітіні туралы айтылды.