ДЕПАРТАМЕНТТЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ДЕПАРТАМЕНТТЕ  «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Департаменттің құзыретіне кіретін негізгі міндеттерідің бірі- мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру. Осыған байланысты Департаментте тұрақты түрде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың міндеттерін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

        19 –ақпан күні  Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тақырыбында және де басқа да мәселелер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің қатысуымен департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің кеңесінде талқыланды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Бедыч Евгений Сергеевич мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іс жүзінде іске асыру туралы дәріс оқыды.

          Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру - Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының міндеттері туралы айтылды.

          Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асыру туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлін күшейту туралы, қоғамдық бақылау институтын дамыту туралы түсініктемелер алды.

Кездесудің бір бөлігі "сұрақ-жауап" форматында өтті, онда департамент қызметкерлері қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

           Кеңесте мемлекеттік қызметшілер арасында, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу үшін мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне (сыртқы және ішкі) талдау жүргізу қажеттілігіне назар аударылды.

           Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру, ақпарат құралдарында қызметкерлердің оң жұмысын, Мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге бағытталған материалдарды жариялау-мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын ілгерілету департамент ұжымының алдында тұрған міндеттері.