
Ағымдағы жылдың 09 ақпанында Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті аудан, қала білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметкерлерімен «Нормативті-құқықтық база және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламалар тәртібі» атты онлайн-семинар өткізді.
Онлайн-семинар барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдау бойынша өзекті мәселелер қаралды және талқыланды.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызмет мәліметтерін өзгерту және тоқтату туралы хабарламалар бойынша нормативті база мен нұсқаулықтар ұсынылды.
Онлайн-семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.