
Жұмыс сапары кезінде Қостанай ауданының Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясында болдым. Мектептің фойесінде бірден көзге түсетіні - үш су жаңа велосипед!
Оқушылырдың кітап оқуға қызығушылығын арттыру жолдарының бірі - мектепте жыл сайын «Үздік оқырман» байқауы өткізілетіні,- дейді мектеп директоры Айткүл Алимова.
Мұнда арнайы Ереже бекітілген, ол бірнеше бағыттан тұрады және тоқсан сайын бекітілген қомиссияның шешімімен қорытындысы шығарылады, жыл соңында мектептің әр сатысынан үздік оқырмандарға велосипед табысталады екен.
Әрине, жеңімпаз атану оңай емес. Ол үшін барлық кезеңдерден сүрінбей өту керек, мысалы, оқыған кітап бойынша эссе жазу, әңгімелесу, тест тапсыру және т.б. тапсырмаларды орындау.
Мұндай жоба балалардың кітап оқу құштарлығын арттыратыны сөзсіз. Мектепте белсенді оқырмандарыңыз көп болсын деген тілек білдіремен.
PS: Велосипедтер метептің қамқорлық кеңесінің келісімімен жеке кәсіпкерлердің қаражытына алынған!