ӘР ПЕДАГОГ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ПРИНЦИПТЕРІН МҮЛТІКСІЗ САҚТАУ КЕРЕК!

ӘР ПЕДАГОГ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ  ПРИНЦИПТЕРІН МҮЛТІКСІЗ САҚТАУ КЕРЕК!

2024 жылғы 26 қаңтарда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан құрылған Қостанай облысының білім беру ұйымдары педагогикалық этика және педагогтардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультациялық - кеңесші органның кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыста ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиаданы өткізу кезінде облыс аудандарының біріндегі екі мектептің мұғалімдерінің академиялық адалдық қағидаттарын сақтамауы бөлігінде педагогикалық әдеп Ережесін бұзу мәселесі қаралды.

       Кеңес мүшелері өздерінің іс-әрекеттерінің қолайсыздығын мойындаған педагогтермен ақпараттық-түсіндіру сипаттағы әңгіме өткізді, мектеп директорларына ұжымдарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша ұсыныстар берді.

Мектеп басшыларының ақпаратына сәйкес, Ереже бұзушы мұғалімдер сөгіс пен ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды.

Естеріңізге сала кетейін, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен педагогикалық әдеп қағидалары бекітілген, оған сәйкес педегогтер өз қызметінде академиялық адалдық принциптерін мүлтіксіз сақтауға, соның ішінде академиялық ортада адалдық пен өзара сыйластық қалыптастыратын негізгі институционалдық құндылық ретінде академиялық адалдықты қамтамасыз етеді, академиялық әділетсіздік танытуға мүмкіндік бермейтін академиялық орта құруға ықпал етеді.