
2024 жылғы 22-30 қаңтар аралығында Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5000 мектепті жаңғыртудың жол картасын іске асыру бойынша облыстың білім беру ұйымдарының қызметін зерделеді. Мониторингтің негізгі бағыттары-ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстарының қорытындысы, абаттандыруды енгізу, пәндік кабинеттермен, жиһазбен қамтамасыз ету, кітапханаларды, асханаларды жаңғырту, қауіпсіз жағдайлар жасау.