2023 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙ КЕЛЕ...

2023 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙ КЕЛЕ...

Педагогтердің республикалық съезінде Президент қойған міндеттерді іске асыру мақсатында "Жайлы мектептер" жобасын іске асыру, қауіпсіз оқу жағдайлары, күрделі жөндеудің өтуі, Интернет жылдамдығы, тамақтану мәселесіне, мектепішілік бақылауға, "Оқуға құштар мектебі" жобасын іске асыру бойынша мониторингтер жүргізілді.

* Қостанай облысы бойынша "Өрлеу" АҚ филиалымен өзара ынтымақтастық шеңберінде 451 күндік жалпы білім беретін мектебіне бару арқылы мониторинг жасалды.

* Облыстың 73 мектебіне "1000 мектепке әдістемелік қолдау" Жобасы аясында әдістемелік қолдау жалғасып келеді.

 Педагогикалық қоғамдастықпен жұмыс.

* Департамент "Өрлеу" АҚ Қостанай филиалымен өңір педагогтарының құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерінде өзара іс-қимыл жасау жөнінде келісімге қол қойды

* Өрлеудің базасында тұрақты түрде кездесулер мен жеке қабылдаулар ұйымдастырылды.

* Мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары үшін бірқатар семинарлар өткізілді.

Департамент мемлекеттік орган іске асыратын ақпараттық саясаттың ашықтығы мен жариялылығын ұстанады.

* Қостанай облысының білім басқармасымен, "Өрлеу" АҚ филиалымен бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша үш жақты медиа-Жоспарға қол қойылды.

Проблемалық мәселелерді шешу, пікір алмасу алаңы ретінде білім басқармасының алқаларында, "AMANAT" партиясы жанындағы тұрақты комиссияның отырыстарында, облыстың қоғамдық кеңесінде сөз сөйлеу, Алтынсарин, Қарабалық, Федоров аудандарының, Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімдерінің кеңестеріне қатысып, білім саласының өзекті тақырыптары талқыланды