
Департамент көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
* Департаментте 401 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
* Лицензиялар және (немесе) оған қосымшалар – 33 өтініш берушіге, оның ішінде 12 колледжге, 21 мектепке қайта ресімделді; лицензияға қосымшалар - 7 өтініш берушіге берілді, оның ішінде 2 колледжге, 5 мектепке қосымшалар берілді.
* Ағымдағы жылы 8 колледж 11 мамандық және 12 біліктілік бойынша қосымшаларды қайтарып берді, бейіндеу бойынша жұмыс жалғасуда
* Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша 361 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.