
2023 жылы атқаралғын жұмысты қорытындылай келе аумақтық департаменттер сыртқы бақылау рәсімдерінің қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарының жұмысын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ететінін атап өтемін.
Бақылау шараларын іске асыру, ең алдымен, білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған және ДОКСО-ның жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы арқылы білім беру саласының белгілі бір бағыттарының жай-күйін жақсартуда өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсетті.
* 135 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
* Лисаков қаласының білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың жақсы нәтижесін атап өту қажет, мұнда ұйымдардың 100% - ы бірден аттестатталды
* Алтынсарин ауданының Силантьев жалпы білім беретін мектебі аттестаттаудан өту кезінде оң жұмыс тәжірибесі ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауеновтың атынан дипломмен марапатталды
* 2022 жылы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингінің қорытындысы бойынша жоғары нәтижелері үшін Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің дипломдарымен Қостанай ауданы Мичурин ОМ, Амангелді ауданы Жаңаауыл ОМ аталып өтті.