КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 1000 МЕКТЕПКЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 1000 МЕКТЕПКЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е. Дауеновтың басқаруымен апта сайынғы жиналыстың күн тәртібінде аумақтық департаменттерінің әр бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалады.

 Бүгінгі қаралған мәселелердің бірі- Қостанай облысында «1000 мектепке әдістемелік қолдау» Жобасының аясында өңірде атқаралып жатқан іс-шаралар жоспарының орындалуы.

Қостанай облысы бойынша еліміздің 1000 мектеп санына 73 орта білім беру мекемесі кірген. Олардың 83% ауыл мектептері, соның ішінде 48 шағын жинақты мектептер.

2019-2023 аралығында мемлекеттік бақылау 73 мектептің 40 мектебінде жүргізілді, профилактикалық бақылаумен 27 мектеп (37%) қамтылып, 100%  заң бұзушылықтар анықталды, 13 мектепте мемлекеттік аттестация жүргізілді, барлығы бірден өтпеді, ал 4 мектеп мемлекеттік аттестациядан екінші рет өте алмады.

Департамент тарапынан жүргізілген мониторинг барысында сапалы білім беру қызметін жүргізуде бірнеше тосқауылдар кедергі болатыны анықталды. Соның ішінде бірқатар мектептің директорларының тағайындалмауы, кейбір мектептерде мамандандырылған пән кабинеттерінің жоқтығы, негізгі пәндерден сабақ беретін мұғалімдердің тапшылығы және т.б. Мектепішілік бақылау жоспарларының да тиімсіз, сапаны арттыруға бағытталған жоба ретінде құрастырылмағынында.

Жоба аясында облыстық білім басқарамысының жұмыс жоспары мен өткізіліп жатқан іс –шаралары көрсетілді. Жұмыс әрі қарай жалғасуда.

         Жалпы «1000 мектепке әдістемелік көмек» Жобасы оқу жылының өзекті тақырыптарының бірі ретінде өнірлерде  келесі жылы жалғасуы қажет,-деді Ернұр Дауенов