
Департамент Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін және облыстың білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын дайындау бойынша түсіндіру жұмысты жалғастыруда. 2024 жылы бекітілген тізбеге сәйкес облыстың 127 білім беру ұйымы, оның ішінде 16 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттауға жатады.
Сыртқы бағалау бөлімінің бас маманы А. Игисинова а.ж. 27-қарашасында Қостанай қаласының жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен семинар өткізді. Кеңеске Қостанай қаласы білім бөлімінің жетекшілік ететін әдіскері А. Боранбаева қатысты. Семинардың басты мақсаты - білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелерін жақсарту болды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерінің талаптары бойынша презентация ұсынылды, өзін-өзі бағалау, бағалау парақтарын толтыру тәртібі түсіндірілді. Семинарға қатысушылардың назары меншік нысанына қарамастан педагогтердің біліктілігін арттырудан өту бөлігінде мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын сақтауға аударылды.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына 2023 жылғы облыстың МДББҰ мемлекеттік аттестаттау қорытындылары және МЖМББС және қызметтің үлгілік ережелерінің жиі жіберілетін бұзушылықтары да айтылды.