
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалымен ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол койылды. Бұның шеңберінде облыстың мұғалімдері арасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілуі көзделіп отыр.
23 –қараша күні Өрлеуде мектеп директорларымен кездесу өтті. Негізгі тақырыбы: «Орта білім беру ұйымдары басшыларының қызметінде пайдаланылатын нормативтік құжаттар»
Кездесу барысында білім мекемелерінің басшыларына негізгі қолданылатын құжаттар бойынша ақпарат берілді, соның ішінде мемлекеттік аттестация кезінде, профилактикалық бақылау жүргізілетін тексеру парағы мен тәжирибеде кездесетін тәуекелдер мен бұзушылықтар мысалға келтірілді. Сонымен қатар білім мекемелерінің басшыларымен сапаға әсер ететін ішкі құжаттарға назар аударылды, мектепішілік бақылаудың ұйымдастырылуына, метептің даму жоспарының негізгі мақсат-міндеттері туралы айтылды. Кездесу соңында әріптестердің сауалдарына жауап берілді.