
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес департамент Жангелдин ауданының Қайнекей Жармағанбетов, Айса Нұрманов, Аңсаған Қонқабаев, Ғафу Қайырбеков атындағы ЖББМ қызметіне мониторинг жүргізді. Осы мектептердің мониторингі барысында ҰББДҚ мәліметтері, оқу кабинеттерінің болуы мен жабдықталуы, тамақтануды ұйымдастыру зерттелді, педагог кадрлар мен контингентке талдау жүргізілді. Мониторингте МІБ іске асыруға, білім беру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мониторинг қорытындысы бойынша Жангелдин ауданы білім бөлімінің басшысы М.Зайнуллин, әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Әбенова және осы мектептердің директорларының қатысуымен жұмыс отырысы өткізілді. Мониторинг аяқталғаннан кейін департамент басшысының орынбасары А.Игисинова аудандық әдістемелік кабинетке МІБ мазмұнын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды, директорларға МІБ жоспарлау және талдау, ҰББДҚ жүргізуді бақылауды жүзеге асыру бойынша ұсынымдар берілді.