«AMANAT»-ТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT»-ТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2023 жылдың 19 қазан күні Қостанай облысының «AMANAT» партиясы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында бірқатар сұрақтар қарастырылды. Білім саласына қатысты "Техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері туралы білім басқармасы басшысының м.а.Талғат Саламатов баяндады.    

Бүгінде облыстың 33 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (білім басқармасының қарамағында 24 мемлекеттік, 7 жекеменшік, 2 денсаулық сақтау басқармасының ведомствосында) 23 мыңға жуық студент оқиды, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша - 19 мыңнан астам адам (19 284) немесе 84%.

Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс орта есеппен 300-500 орынға артып келеді. Мақсатты тапсырыс шеңберінде өңірдің 42 кәсіпорнынан 23 колледжде 1404 адам оқиды. Дегенмен, ауыл шаруашылығы өндіріушілерінен колледждермен байланысы төмендігі туралы айтылды.

Сонымен қатар, колледж түлектерінің 76%-ы  ғана жұмыспен қамтамасыз етілген. Маусымдық жұмыстар, зейнетақы аударымдарының болмауы нақты көрсеткішті анықтауға кедергі болады дейді мамандар.

Бұдан басқа ТжКББ студенттерінің жатақханамен қамтамасыз етілуі, колледждердің материалдық-техникалық базасының нығайтылуы, күрделі жөндеуден өткізу мәселелері талқыланды.