
Департамент қызметкерлері Өрлеудегі курсанттарымен (мектеп директорлары, ОТ жөніндегі орынбасарларымен) кездесулер өткізіліп тұрады, онда білім беру мекемелерінің мәселелері жайында әңгімелесу, соның ішінде сапаға әсер ететін тәуекелдер талқыланады, ұсыныстар шығарылады, әріптестер жұмыс тәжірибесімен бөліседі.
Бүгінгі таңда мектеп басшылары оқушыларды бағалау бойынша атаулы біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету үшін педагогтердің кәсіптік тапшылықтарын диагностикалау бойынша тақырыптарды көтеруде;
- жас педагогтар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру сапасына, тиімділігіне талдау қажеттілігі туралы айтуда;
- білім беру ұйымының әдістемелік қызметінің жұмыс істеу сапасы бақылау керектігіне (әдістемелік кеңес жұмысының тиімділігі, пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері және т. б.)
Мектеп директорлары сынып жетекшілерінің балалардың үй тапсырмасын орындауы бойынша ата-аналардан кері байланыс талап етуі білім сапасын көтеруде тиімділігін атап өтеді, сонымен қатар мектептің даму жоспары білім сапасын арттырудағы нақты қадамдарды анықтау қажеттілігі туралы айтты.