
Өткен аптаның маңызды оқиғасы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтар съезінде сөйлеген сөзі білім саласының қызметкерлеріне ерекше әсер қалдырды.
Мемлекет басшысы еліміздің педагогтарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қажырлы еңбегі мен мамандыққа адалдығы үшін алғысын білдірді. Педагогикалық қоғамдастықтың жауапты рөлі мен жоғары мақсаты Президенттің "педагог болу - жауапты миссия"деген сөзінде атап көрсетілген!
Ол өз сөзінде білім беру саласындағы өзекті мәселелерге, проблемалар мен міндеттерге назар аударды.
"Педагог – бұл, ең алдымен, беделді кәсіпқой" деп айта келе, Президент білікті педагог кадрларды даярлау басым міндет болып қала беретінін, мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажет екенін атап өтті.
Мектептерде орын тапшылығы, қалалық және ауылдық мектептерде білім беру сапасының теңсіздігін жою, жайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, білім беру процесін цифрландыру қарқынын жеделдету, ауылдарда жылдам Интернетке қол жеткізу проблемаларын шешуді талап етеді.
Президентті баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды. Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Бұдан басқа, тәрбие жұмысының мәселелері маңызды болып табылады.
"Сапалы білім берумен қатар оқушылардың адамгершілік тәрбиесі де қажет.", "мектептер балалардың адамгершілік принциптері мен жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінетін ортаға айналуы маңызды", - деп атап өтті Президент.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отандық педагогиканың, қазақ дәстүрлерінің, отбасылық тәрбиенің негізгі ұстанымдарының маңыздылығы атап өтілді.
Жастарды тәрбиелеудегі дәстүрлі мәдениеттің рөлін аса құнды. Президент жас кезінен бастап балаларды еңбекке деген құрметті қалыптастыру, өз жұмысына жауапкершілікпен қараудың, өмірдегі белсенділік пен мақсаттылықтың маңыздылығын түсіндіру үшін еңбексүйгіштікке үйрету қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуде педагогикалық қоғамдастыққа маңызды рөл беріледі, ол білім беру ұйымдарымен коммуникацияларды дамытуды, бар проблемаларды бірлесіп шешуді, қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына баса назар аударуды, қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет етуді айқындайды.