ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ АЛДЫН АЛУ

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ АЛДЫН АЛУ

Қостанай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету  Департаменті  Қостанай облысының білім басқармасының, 20 аудандық білім бөлімдерінің басшыларының қатысуымен және білім беру мекемелерінің  директорларымен өткізген онлайн-кеңесі барысында бірқатар тақырыптар қамтылды, соның ішінде білім беру үрдісіне әсер ететін факторлар мен тәуекелдерді алдын алу және өзекті болып келетін мәселелерге назар аударылды:

  • Мектептегі асханалардың жұмысы, ыстық тамақпен қамту;
  • Оқушыларды тасымалдау;
  • Гардероб жұмысын ұйымдастыру;
  • Ішкі дәретханалардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың қауіпсідігін қамтамасыз ететін іс-шаралардың күшейту
  • Жылы беру маусымына дайындық шаралары;
  • Тәрбие жұмысының іс –шаралары және т.б

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде  білім саласы бойынша көтеріліп жатқан сұрақтар, департаменттке келіп түскен шағым-өтініштер бойынша түсініктемелер берілді.

Кеңес қортындысы бойынша әріптестерге бірқатар ұсыныстар берілді. Ең бастысы әр мектеп директоры қызметтік міндеттерін  бар жауапкершілікпен орындап, әр білім мекмесінде балалардың сапалы білім, саналы тәрбие  алуларына қолайлы, кауіпсіз ортаны ұйымдастыруы.