
1-қыркүйек күні Федоров ауданының Костряков орта мектебінің Білім күніне арналған салтанатына департамент басшысының орынбасары Айман Игисинова қатысты. Бұл мектепте екі жылдық күрделі жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталуда. Мектепте 153 оқушы білім алады, биыл мектеп 1-сыныпқа 11 баланы қарсы алды.