ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САПАЛЫ ДАЙЫНДЫҚ!

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САПАЛЫ ДАЙЫНДЫҚ!

Білім күні қарсаңында білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттің ұсынысымен Қостанай облысы білім басқармасымен бірге БАҚ өкілдеріне ПРЕСС-ТУР ұйымдастырылды. Мұндағы негізгі мақсат: мектептердің жаңы оқу жылына дайындығымен танысу. Пресс-тур осы жылы күрделі жөндеуден өткен 1970 жылы ашылған Федоров ауданының ПЕШКОВ ОМ басталды. Бұл мектепте «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы бойынша 623 млн 592 мың тенгеге екі жылдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  осы жылдың 23 тамызында аяқталды. Күрделі жөндеу сапалы жүргізілгенін байқадық, сонымен қатар жергілікті бюджеттен 5 млн. қаражатқа 120 комплект парта, 7 тақта, спортттық жиһаздар, жаңа генерато және т.б. мүліктер сатып алынған. Бұған қоса мектеп түлектері жаңа SТЕМ және робототехника кабинеттерін сыйлаған. Жалпы мектептің материалдық- техникалық базасы толық жабдықталған, оқушылардың кауіпсіздігін сақтайтын шаралары да талапқа сай. Бұрынғы типтік мектептердің жобасы негізінде бұл мектепте де бұрын акт залы мен асхана біріктірілген болатын, ал биылғы жылы мердігіердің көмегімен асхана жеке залға ауыстырылып, жаңа тамақтану залы толық жабдықталған. Ерекше әсер ететіні мектептің безендірілуі, жөндеу жұмыстарына қарамастан мектептің ауласына да тамаша аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген!