ТАМЫЗ-2023! ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЗДІКТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА!

ТАМЫЗ-2023! ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЗДІКТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА!

Қостанай қаласының «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі қала әкімі Марат Жүндібаевтың төрағалық етуімен өтті.

Өткен оқу жылында атқарылған жұмысы туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Уразбаева баяндады. Айта кету керек, өңірлік білім саласының рейтингтік қорытындысы бойынша Қостанай қаласы үздіктердің қатарында болып, 2 млн 500 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Конференция барысында сөз алған № 27 балабақшаның меңгерушісі Галина Травкина мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқан жоспарларымен таныстырды, Абай атындағы мектеп директоры Айымкүл Балтабаева білім сапасын арттыру жүйесімен бөлісті. №2 мектептің ата-аналар қауымдастығының атынан сөйлеген Елена Кравчуктың баяндамасы ерекше әсерлі болды. Ол бала тәрбиесіндегі отбасының, ата-аналардың ролі туралы айта келе, мектептерінде Ата-аналар академиясының жүргізілетін жүйелі жұмысымен таныстырды.