АРҚАЛЫҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ

АРҚАЛЫҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ

Іс сапар барысында Арқалық қаласының білім мекемелерімен таныстым.

Соның ішінде оқушыларға арналған қосымша білім беру жүйесінің жай-күйімен таныстым.  «ЖАС ҰЛАН» балалар мен жасөспірімдер орталығында 25 –тен астам үйірме жұмыс жасайды. Мекемеде спортзалы мен алаңдары, арнайы өрмелеу тақта (скалодром ) орнатылған, керекті стандартқа сай бассейін бар. Мұнда жыл сайын жергілікті тарихпен танысу үшін алуан түрлі экскурссиялар ұйымдастырылып, оқушылар барған тарихи жерлердің тақтасы ілінген. Әр түрлі зертханалық жұмыстар жасау үшін де барлық жағдай жасалған.

Ерекше әсер қалдырғаны керамика шеберханасы (гончарная мастерская), бұл  балаларды аса қызықтыратын үйірме. Оқушылырдың жасаған бұйымдары бірінен бірі асып, әр зат қайталанбайтын әдемі көрініс. Педагогтердің айтуы бойынша Арқалық өңірі түрлі балшыққа бай өңір, тіпті бірнеше метр жерде орналасқан карьерден де бұйымдар жасайтын материалдарды алуға болады.

Орталықтың алаңы да әсем безендірілген, абаттану, көғалдандыру жұмысы жас экологтармен бірге жүргізіледі.