
Өткенде Өрлеуде үш жақты бірлесіп (Өрлеу, білім басқармасы, БССКД) өткізген педагогтермен кездесу барысында шалғай аудандарының мұғалімдеріне облыс орталығына курсқа келу ыңғайсыздығы туралы және біліктілікті арттыру курстары ауданға келіп оқытса деген ұсыныс түскен еді. Амангелді ауданының шағын жинақты мектептерінің басшыларына және мұғалімдеріне арналған курс жергілікті арнайы дайыдаған тренерлер өткізіп жатыр. Тақырыбы: Шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің «Шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту" жобасының аясында өткізіліп жатқан біліктілікті арттыру курсы.
ШЖМ директорларымен әңгімелесу кезінде мемлекеттік аттестация туралы, білім беру мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптарға, соның ішінде шағын жинакты мектептерге бағытталған ерекшеліктерге тоқталдым. Жалпы мектеп директорлары жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтты, соңғы жылдары Амангелді ауданына қомақты қаржы бөлініп, ауыл метептерінің материалдык- техникалық базасының жаңаруы, интернет желісінің жылдамдығын арттыруға бағытталған жұмыстар қуантады.
Кездесу соңында мекеме басшылары шағын жинақты мектептерде мұғалімдердің жүктемесінің төмендігіне, біріктірілген сыныптардың оқыту ерекшелігіне назар аударуды ұсынды.