
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың торағалық етуімен Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін мемлекеттік аттестаттау қорытындылары қаралды. Департамент Қолданыстағы НҚА негізіндегі бұзушылықтары бойынша бірқатар фактілерді көрсетіп, ұсыныстар берді. Білім басқармасының ақпараты бойынша ТжКББ жүйесін аттестаттау қорытындысы бойынша білім беру саласындағы қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу, әдістемелік көмек жүргізуді күшейту, колледждерді бейіндеу бойынша жұмыстар жүргізу және т. б. іс-шаралар жоспары бекітілгені туралы баяндады.
ББССҚК төрағасының орынбасары колледждерді қайта аттестаттаудан өтпеген кездегі тәуекелдерді ("Білім туралы" ҚР Заңы 39-бап 3-1-тармақ), сондай-ақ бақылауды күшейту және мекемеге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы атап өтті.