
Жазғы кезеңде Департамент сараптамалық топты тарта отырып, Қостанай облысы мектептерінің бірінің оқушысының ата-анасының "Күнделік" АЖ-дегі бағаларды түзету, химия, география және информатика бойынша тоқсандық және тарау бойынша баға қоюдың объективтілігі бойынша өтінішін қарады.
Комиссия 2022-2023 оқу жылындағы ТЖБ бойынша тексеру жұмыстарын, модерация материалдарын, "Күнделік" электрондық журналының беттерін зерделеді. Жұмыстың мазмұнына, олардың бағдарламалық материалына сәйкестігіне, жұмыс формасына, санына, бағалаудың объективтілігіне талдау жүргізілді. Талдау барысында жекелеген тапсырмаларды бағалаудағы алшақтық фактілері анықталды. Сонымен қатар, кейбір тапсырмаларда дұрыс жауаптар үшін ұпайлар қосылады немесе керісінше, оқушының дұрыс емес жауабы максималды баллға бағаланады. Тарауға арналған тапсырмалардың санының артуы, олардың бөлімдегі оқу мақсаттарына сәйкес келмеу фактілері анықталды. Бөлімге жиынтық бағалаудың орнына химия пәнінің мұғалімі барлық төрт жұмыс тоқсандық бақылау ретінде жүргізген, бұл үлгерімге ағымдағы бақылау жүргізу ережелері мен тәртібінің талаптарына сәйкес келмейді. Демек, мектептің білім беру қызметі ҚР Білім Министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларының 37-тармағының талаптарын бұза отырып жүзеге асырылды. ТЖБ және БЖБ жүргізуге мектепішілік бақылау тиісті деңгейде жүргізілмейді.
Бұзушылық фактілері бойынша мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жиынтық бағалау нысанында үлгерімге ағымдағы бақылау жүргізу тәртібін бұзуға жол берген педагогтерге қатысты мектеп директоры қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес шаралар қабылдады.
Оқу жылының басталуы жақындап қалды, яғни жақында жаңа оқу жылының ерекшеліктерін талқылау бойынша мұғалімдер секциялары жұмыс істей бастайды. Өңірде ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес оқушыларды бағалау бойынша педагогтер арасында түсіндіру жұмысын нығайту қажет деп санаймын.