Бару арқылы профилактикалық бақылау туралы

Бару арқылы профилактикалық бақылау туралы

2022, 2023 жылдардағы мемлекеттік аттестаттау нәтижелері негізінде Қостанай облысы бойынша 10 орта білім беру ұйымы бұзушылықтарды жою жөніндегі есептерді зерделеу қорытындысы бойынша аттестатталмады. Аталған мектептерде Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес, 2023 жылдың екінші жартыжылдығында, 2024 жылы білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

         «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 8-13-бөлігіне сәйкес бұзушылықтар жойылмаған немесе есепті белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда білім беру ұйымы аттестатталмаған болып есептеледі, бұл бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.          Профилактикалық бақылауды жүргізу бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тексеру парақтарын пайдалана отырып жүзеге асырылады (ҚР БҒМ және ҰЭМ м. а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы бірлескен бұйрығы, 2023 жылғы 30 наурыздағы редакциясы).

         Департамент басшысының орынбасары А. Игисинова ағымдағы жылдың 2 тамызында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы бөлімінің басшысы Қ.Исмурзинаның, Арқалық, Рудный, Жангелдин, Денисов, Жітіқара, Науырзым, Сарыкөл, Қостанай, Бейімбет Майлин аудандары білім бөлімдерінің басшылары мен мамандарының, мектеп директораларының қатысуымен профилактикалық бақылау жүргізу мәселелері бойынша онлайн – семинар өткізді. Семинардың мақсаттары мен міндеттері - білім беру ұйымдарын профилактикалық бақылаудың оң нәтижесіне қол жеткізуге дайындау, сондай-ақ білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтардың алдын алу және қызметтегі «тәуекелдерге» баса назар аудару болды.