
Меңдіқара ауданының Алешин негізгі мектебі мемлекеттік аттестаттаудан өткен жоқ, оның бір себебі тамақтану объектісінің болмауына байланысты. Бүгінгі таңда бұл мәселе ауылдың шаруа қожалықтары есебінен шешілді. Мектеп әкімшілігі ШҚ басшыларымен кездесу ұйымдастырып, мұнда тамақтану залына бос тұрған бөлмені реконструкциялауға және ас блогын жайластыруға 15 млн.тн бөлу туралы шешім қабылданды. Құрылыс компаниясымен шарт жасалып, асханаға қажетті жабдықты сатып алу жүзеге асырылуда.
Мектепке барған кезде жұмыстар белсенді жүргізілуде. Еденді, есіктерді, терезені жаңартыу, бетон төсеу, септикті орнату және қосу, суды орнату және қосу. Бөлмені қоймаға, қызметкерлерге арналған киім ауыстыратын бөлмеге және ыдыс жууға бөлу. Электр сымдары, кәріз, су төселген, ыстық суға арналған қазандық орнатылған және т. б. жұмыстар жасалып жатыр
ШҚ басшыларының демеушілік көмегі мен қолдауының арқасында балаларға қолайлы жағдай жасалып, жаңа оқу жылына қарай мектепте жайлы асханада ыстық тамақ ұйымдастырылатыны қуантады.