ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША  БРИФИНГ ӨТТІ

Өңірдің жалпы білім беретін мектептеріне аралық мониторингтің қорытынысы бойынша облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтті. Оның барысында білім беру ұйымдарындағы интернет желісінің жылдамдығына, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысарының өткізілуіне, кауіпсіздік шаралары, соның ішінде бейнебақылау жүйесінің, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесінің болуы,  жылы санитарлық тораптардың, спорт залдарының, асахналардың, пәндік кабинеттердің  (химия, физика, биология) болуына назар аударылды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жұмысатарының уақытылы жүргізілуіне жеке бақылау жасалып жатыр. Оқу жылының басына дейін барлық жұмыстар аяқталып, балалар еш кедергісіз оқуларына кірісіп кетуі тиіс.