Жітіқара ауданының білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізу туралы

Жітіқара ауданының білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізу туралы

Мониторинг барысында Жітіқара ауданының білім мекемелерінде болдым. Жалпы ауданда 20 мектеп, 5 балабақша, екі қосымша білім беру мекемесі қызмет жасайды.

         2022 жылы 489,1 млн.тг  қаржыландыру бөлініп, 12 білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның ішінде үш мекеменің спорттық алаңдарына, спортзалдарына 42 млн тг. көлемінде демеушілік қаражат есебінен жөндеу жұмыстары өткізілген.

Биыл  Ырсай ОМ жылыту жүйесіне,  Е.Есжанов атындағы № 9 ОМ шатырына жөндеу жұмыстары аяқталды.

         № 1 ОМ үшін ағымдағы жөндеу және асхана орнату үшін 27 млн. т. бөлінген, бірінші келісім-шарт Алматы қаласындағы"ASB Stars" ЖШС-мен жасалды, мердігердің бас тартуына байланысты шарт бұзылып, жаңа мемлекеттік сатып алу жарияланып отыр. Конкурс шілде айының соңына дейін болады.

Ауданда демеушілік көрсеткен шаруашылықтардың арқасында бір мектептен жылыту қазандығы шығарылса, Станционный ОМ жылыту жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жылыту маусымына дайындық мақсатында 2000 тонна көлемінде ("Антрацит-Кост" ЖШС) көмір сатып алынып, аудан мектептеріне жеткізілген.

Ауыл және аудан орталығының мектептерін аралаған кезде мекемелердің аулаларына назар аудардым, мұнда көғалдандыру жұмыстары жақсы ұйымдастырылған.

Мектептердің жиһаздары да жыл сайын ретімен ауыстырылып отырады, соның ішінде ауыл мектептеріне баса көңіл бөлінеді,- дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Бимагамбетова.