
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің хаты негізінде өңірдің мемлекеттік жалпы білім беретін мектептеріне мониторинг жүргізіліп жатыр. Оның барысында білім беру ұйымдарындағы интернет желісінің жылдамдығына, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысарының өткізілуіне, кауіпсіздік шаралары, соның ішінде бейнебақылау жүйесінің, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесінің болуы, жылы санитарлық тораптардың, спорт залдарының, асахналардың, пәндік кабинеттердің (химия, физика, биология) болуына назар аударылады.