І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

2023 жылдың 5 шілде күні Қостанай облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізілген бақылау шараларының қорытынысы бойынша облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтті.

113 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 65 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау, қайта аттестаттау 41, 5 өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер және 2 білім беру ұйымдарында лицензия алдындағы бақылау.

15 балабақшаның 7 -і аттестатталды (46,6 %), 8-і аттестатталмады.

Ұсынылған материалдарды талдау кезінде үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру, тәрбиеленушілердің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу, бейіні бойынша білімі жоқ мамандарды педагогикалық қызметтен жіберу, педагог қызметкерлерді аттестаттау рәсімінен өту мерзімдерін бұзу, әртүрлі жастағы топтарды қалыптастыру кезінде тәрбиеленушілер саны бойынша талаптарды бұзу, стандарттың оқу жүктемесінің көлемінде сақтамау жөніндегі талаптар орындалмайтынын, жабдықтың сәйкес келмеуі, бекітілген нормаларға сәйкес оқу-әдістемелік кешендердің саны аз болуы «аттестатталмауға» себеп болды.

Орта білім беру ұйымдарында осы жартыжылдықта мемлекеттік аттестаттау 19 мектепте өткізілді, оның ішінде 5 мектеп (26,3 %) оң қорытынды алды және 14 мектеп аттестатталмады.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша оң қорытынды алған орта білім беру ұйымдарының өсуі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтардың айтарлықтай қысқаруы байқалады. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Жітіқара ауданының, Қарабалық ауданының (100%), Қостанай ауданының (75%)мемлекеттік білім беру ұйымдарында осы рәсімнен өтудің жақсы үрдісін атап кетуге болады.

Орта білім беру ұйымдарында жіберелген негізгі кемшіліктер: мемлекеттік стандарттың орындалмауы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін оқыту жағдайларының жасалмауы: жеке жұмыс жоспарлары жоқ, психологиялық-әлеуметтік қызметтің жұмысы, инклюзивті білім беру талаптары байқалмайды. Біліктілік талаптары мәселесі ең өзекті болып қала береді: педагогтердің білімінің оқытылатын пәнге сәйкес келмеуі, тамақтану объектілерінің санитариялық қағидаларға сәйкес келмеуі не санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы, оқу үй-жайларының санитариялық қағидалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес келмеуі, "Биология", "Химия" оқу пәндері бойынша зертханалық жабдықтардың болмауы, кешенді тестілеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері, формативті және жиынтық бағалаудың талаптарының сақталмауы.

Ағымдағы жылы аттестатталушы 31 колледждің 24-і мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша оң қорытынды алды, 7 колледждің жекелеген мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бұзушылықтарды анықтау себебінен аттестатталмады.

6 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары стандарттың анықталған бұзушылықтарын жойып, "аттестатталған" нәтижесімен қайта қорытынды алды.