ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Ашық есік күні аясында Қостанай облысы білім басқармасының басшысы А.Ибраева және Қостанай облысы бойынша Өрлеудің директоры М.Слесарьмен бірлесіп біліктілікті арттыру курстарының педагог-тыңдаушылары үшін жеке мәселелер бойынша қабылдау ұйымдастырылды.

Мұғалімдерді зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу үшін реактивтермен және жабдықтармен қамтамасыз етілуі, педагогтерді аттестаттау және олимпиадалар мен конкурстардың тізбесін кеңейту, ШЖМ жағдайында оқу жүктемесі мен жұмыс режимін қалыптастыру, мектепті мемлекеттік аттестаттаудан өту кезінде оқушылардың білім сапасының өлшегіштері туралы сұрақтар көтерді. Облысы орталығынан (кемінде 500 км шақырым) алыс аудандардың мұғалімдері көшпелі курстарды ұйымдастыру және іссапар шығындарын уақтылы төлеу мәселелерін айтты. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді, ұсыныстар қабылданып, бақылауға алынды