Лицензиялау комиссиясының отырысында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК лицензияға қосымшасын беру туралы өтініштері қаралды.

Лицензиялау комиссиясының отырысында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК лицензияға қосымшасын беру туралы өтініштері  қаралды.

2023 жылғы 14 маусымда Лицензиялау комиссиясының отырысында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК лицензияға қосымшасын беру туралы өтініштері қаралды.
Рұқсаттық бақылаудың қорытындысы бойынша лицензиялау бөлімінің басшысы Галухина Е.Р. сөйледі. Ол колледжде сұралынған мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға жағдай жасалғанын хабарлады.
Колледж жұмыс оқу жоспарының пәндері мен модульдеріне сәйкес педагогикалық және оқытушы кадрлармен жасақталған, педагогтердің білімі оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес келеді.
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтер, сарапшы - педагогтер, зерттеуші-педагогтер, педагог - шеберлердің және (немесе) магистрлердің дайындалып жатқан біліктілігі бойынша жалпы педагогтердің санынан біліктілік талаптарына сәйкес келеді және үлесі кемінде 30% құрайды.
Педагогтер мен колледж басшысы тиісті бейіні бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады. Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары өндірістік тәжірибеден 36 сағаттан кем емес өңдірістерде өткен.
Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры студенттердің күтілетін контингентіне қатысты оқу жұмыс жоспарының пәндері мен модульдері бойынша толық оқу мерзіміне ұсынылған.
Колледждің жедел басқару құқығындағы оқу және материалдық активтерге ие. Мамандарды дайындау үшін техникалық оқу құралдарымен, оқу, оқу және зертханалық жабдықтармен жабдықталған 40 пәндік кабинет, 10 шеберхана, 13 оқу зертханалары бар. Ерекше білім алуды қажет ететін тұлғаларға жағдай жасалған, бейнебақылау орнатылған.
Колледжде 500 орындық жатақхана бар, ол «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес келеді.
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «КамЛитКЗ» ЖШС-мен тәжірибе базасы ретінде белгіленген ұйымдармен келісім-шарттар оқытудың толық кезеңін қамтиды. Колледж түлектерін лицензия қосымшасында көрсетілген мамандықтар бойынша жұмысқа орналастыруға қамтамасыз етеді.
Лицензиялау комиссияның шешімі негізінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК мамандығы 07161400 Автомобиль құрастыру, біліктілігі 4S07161405 Техник-технолог; 07151200 Құю өндірісі, 3W07151201 Қалыптаушы бойынша лицензия қосымшасын беруге ұсынылды.