
Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру сапасы, «Оқуға құштар мектеп – оқитын ұлт» жобасын іске асыру, ұлттық білім беру дерекқорын толтырудың дұрыстығы, интернет жылдамдығы - осы және басқа да мәселелерді департамент облыс мектептерінің мониторингі барысында зерделеді.
Мектеп кітапханаларының қорларын қалыптастырудың проблемалық мәселелерін, мектеп кітапханалары қаншалықты жиі жаңа кітаптармен толықтырылатынын, заманауи көркем әдебиеттер, соның ішінде мемлекеттік тілде қол жетімділігі, соны зерделеу маңызды.
Мектептерді жаңа оқу жылына дайындау кезеңінде департамент 1-сыныпқа оқуға қабылдау қағидаларын, педагогтерді қабылдау және мектеп директорларын тағайындау қағидаларын сақтау, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізу мәселелерін зерделейді.
Бұл жағдайда проблемалық мәселелерді зерттеу және анықтау ғана емес, сонымен қатар шешудің оңтайлы жолдарын анықтау қажет.
Мониторинг шеңберінде өткізілетін іс-шаралар министрлік, білім бөлімдері мен басқармалары, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары деңгейінде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді айқындауға бағытталған.