
Қостанай облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен волонтерлік қозғалысына ерікті қатысуы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әңгімелесу барысында Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызмет имиджін арттыру және қоғамның сенімін нығайту мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары әзірлегені туралы хабардар етті.
Қызметкерлер кешенді жоспардың шараларын іске асырудың негізгі міндеттерімен таныстырылды: азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл арқылы халықтың мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтау және нығайту; қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру; қызмет этикасы қағидаттарын нығайту, қызметкерлерге рухани-адамгершілік нұсқауларды және құндылықтардың тұрақты жүйесін қалыптастыру.
Қазіргі уақытта елде волонтерлік қызмет белсенді дамып келеді. Мемлекет басшысы волонтерлік қызметтің отаншылдықты танытудың және қоғамға қызмет етудің бір түрі екеніне, ең маңызды міндеттер азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру екендігіне назар аударды.
Департаментте мемлекеттік қызметшінің оң имиджін, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын қалыптастыруға бағытталған жұмыс жүргізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік орган қызметкерлерінің оң жұмыс тәжірибесі жарияланады.
Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік жауапкершілікті, ынтымақтастықты, өзара көмекті түсінуге байланысты еріктілер қозғалысына қатысуға дайын екендігін атап өтеді.