"Жайлы мектеп" жобасы аясында 300 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды.

"Жайлы мектеп" жобасы аясында 300 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды.

Облыстың білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу мониторингі шеңберінде департамент қызметкерлері Арқалық қаласының білім беру ұйымдарын аралады. Арқалық қаласының №10 жалпы білім беретін мектебі 1986 жылы салынған типтік ғимаратта жұмыс істейді, шатырдан су ағып кетуіне байланысты күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектепте 230 оқушы оқиды, толық күн болатын шағын орталық жұмыс істейді. Күрделі жөндеу жобасы 2 жылға есептелген, ағымдағы жылдың шілде айында шатырды жөндеу жұмыстары басталады. Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жөндеу жұмыстары басталды. "Жайлы мектеп" жобасы аясында 300 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды.