
“AMANAT” партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, Саяси кеңес Бюросының мүшесі Бибігүл Аккужинамен кездесу барысында Қостанай облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің жоспарымен танысып, білім беру саласына қатысты бірқатар сұрақтарды талқыладық.
Жоспарға Жол картасынада 38,42,43,44,45 тармақтарымен бекітілген мектепке дейінгі мекемелері бойынша өзекті тақырыптар кірді, соның ішінде мектеп жанындағы шағын орталықтардың қызметіне, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін сақтау сұрағына аса назар аударылатын болады. 45,47,48 тармақтарда көрсетілген кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы мәселелер, соның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау, түлектерді жұмыспен қамту тақырыптары талқыланатын болады.
Сонымен қатар, бастауыш мектептің оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету, білім мекемелерінде өткізілетін күрделі жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базасының жай-күйі, жаңа оқу жылына дайындық мәселелері де қарастырылатын болады. Кеңес мүшесі ретінде жоспарға біріқатар ұсыныстар жасадым.