КОЛЛЕДЖДЕР «ҚОЛДАНЫЛМАЙТЫН» ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАЛАРЫН ҚАЙТАРУ ТУРАЛЫ

КОЛЛЕДЖДЕР «ҚОЛДАНЫЛМАЙТЫН» ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАЛАРЫН ҚАЙТАРУ ТУРАЛЫ

Колледждер «қолданылмайтын» лицензияға қосымшаларын қайтару туралы және басқа сұрақтар Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е. Дауеновтың басқаруымен өткен кезекті жиналыстың күн тәртібінде талқыланды. Мемлекеттік аттестаттау жүргізу барысында үш жылдан астам уақытта бітіруші болмаған мамандықтар бойынша лицензияға қосымшаны кайтару туралы Қостанай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Айман Игисинова баяндады. 

2022-2023 жылы өңірде 22 мыңнан студент 34 колледжде білім алады, мұнда 83 мамандыққа, 111 квалификацияға сәйкес оқыту ұйымдастырылған. 2020 жылдан бері 53 мамандық, 65 квалификация бойынша  лицензия қосымшалары қайтарылды. Мемлекеттік аттестацияның қорытындысының негізінде 2023 жылы 8 ТжКББ мекемелері 11 мамандықтың, 12 квалификациясының қосымшаларын қайтарды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, білім мекемелерінің басшыларымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Баяндама қорытындысы бойынша Комитет төрағасы осы бағытта жұмысты жетілдіру бойынша нақты тапрсырмалар жүктеді.

Естеріңізге сала кетейін, қолданыста үш жылдан артық болмаған қосымшаларды қайтармау заңсыз. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" ҚР Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен "колледждердің қабылдауды жүзеге асыруы" біліктілік талабы регламенттелген.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 464-бабының 1-бөлігіне сәйкес" ҚР заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзғаны, оның ішінде лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмегені үшін " айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.