
Қостанай облысы бойынша 26 сәуірден бастап жоспарланған барлық 96 мектепте тестілеу өткізілді. Мониторингке екі мыңнан астам оқушы қатысты. Мұнда 4,9-сынып оқушылары арасында оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша онлайн форматында тестілеу жүргізілді.
Әр мектепке тестілеуді өткізу үшін арнайы эксперттер (тест-администраторлар) жіберілген. Департамент қызметкерлері, қосымша тартылған ЖОО, Өрлеу, НИШ, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің өкілдері бақылаушы ретінде мониторингке қатысты.
Өңір бойынша үш мектепте Ереже бұзушылық анықталды.