МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН СҮРІНБЕЙ ӨТЕТІН МЕКТЕП МАРАПАТТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН  СҮРІНБЕЙ ӨТЕТІН МЕКТЕП МАРАПАТТАЛДЫ

Былтырдан бастап қайта енгізілген білім мекемелерінің мемлекеттік аттестациясында мектептердің 75% астамы өңір бойынша бірден мемлекеттік аттестациядан өте алмады. Олардың ішінде бұрынғы жылдары да және осы уақытта да өзін өзі бағалаудың сауатты дайындығымен, білім саласындағы барлық номативтік құжаттарды, соның ішінде мемлекеттік стандартты сапалы орындалуымен ерекшеленетін мектептер баршылық. Соның бірі- Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Силантьев ОМ. Мектептің қызметін үздік деңгейде ұйымдастырылуы үшін Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауеновтың атынан ұжымға Диплом табыстадым.

Мектеп директоры Светлана Тарасова - бұл ұжымның бірлігі мен ынтымағы, білімі мен кәсіби шеберлігі, оқушылардың ынтасы, ата- аналардың қолдауының арқасында бірлесе жеткен жетістік дейді.  

Жалпы мектепте 42 мұғалім еңбек етеді, соның 39-ы жоғары білімді, екеуі магистр, 66 % әртүрлі санаттағы педагогтер.

Биылғы жылы да мектептің жетістіктері аз емес. «Дарынды балаға-талантты ұстаз» облыстық олимпиадада 1 –орын, республикалық кезеңде 3-орынға ие болған Ю.А. Лысенко, «Ұздік психолог» республикалық байқауында  Л.А Детянцева үздік болып танылды, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімі О.Е. Кужагильдинаны атап кетуге болады, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.М. Абиловтың жетістіктері де аз емес. Мектеп оқушылары IQanat олимпиадасының, «Жарқын болашақ» байқауының, биология пәнінен юниор олимпиадасының және тағы басқа шығармашылық, спорттық жарыстарының жүлдегерлері.

Адағы уақытта ұжымға шығармашылық табыс пен үлкен кәсіби жетістіктер тілеймін, шәкірттеріңіз әрқашан жоғары нәтижеге ие болсын!