МЕКТЕПТЕ ББЖМ (МОДО) БОЛАТЫНЫН ҚУАНА КҮТКЕН ҰЖЫМ

МЕКТЕПТЕ ББЖМ (МОДО) БОЛАТЫНЫН ҚУАНА КҮТКЕН ҰЖЫМ

ББЖМ (МОДО) барысында бірнеше мектепте бақылаушы ретінде қатыстым. Бірақ ерекше әсер қалдырғаны Сарыкөл ауданының Урицкая ОМ. Неге десеңіздер, мұнда ББЖМ өтіп жатқанына мектеп ұжымы мен директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарының қатты қуанып жүргені. Ал оның себебі былтырғы әр мектепке жеткізілген ББЖМ –ның қорытындысы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық акдемияның әзірлеген әдістемелік ұсыныстары.

Директордың ОТ жөніндегі орынбасары Людмила Подгорецкаяның айтуы бойынша, былтырғы әдістемелік құралды арнайы педагогикалық кеңесте талқылап, әр пән мұғалімі өзінің жұмысында пайдалануға мүмкіндік алғаны туралы айтып кетті. 

Білім саласында 40 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ұстаз мұндай терең мағыналы, тіпті әр пән, әр тарау бойынша жасалған анализді бірінші рет көрдім дейді. Ал биылғы жылы осындай сырттай бағалау біздің мектепте болатынына ұжым болып куандық және қорытынды нәтижесін асыға күтеміз,- дейді Людмила Васильевна.

         Людмила Васильевна өте тәжірибелі, кәсіби құзыреттілігі жоғары ұстаз екені бірден көрінеді. Ұстаздың қажырлы еңбегі жоғары бағаланған, ол Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісіне, ҚР БжҒ министрлігінің құрмет грамаотасына, білім басқармасының марапаттарына ие. Сонымен қатар екі мәрте «Ең үздік ресурстық орталық» дипломдарымен марапатталған.  Ол кісімен мектеп жайында, оқу үрдісі жайында әңгімелесу мен үшін аса қызықты болды. Осындай тәжірибелі педагогтің еңбек жолы, еңбек жолындағы ұстанымы әріптестерге үлгі деп білемін.